歌词
@migu music@
@migu music@
作曲 : Daniyar Sagdatovich Rahmetzhanov/Rajmbek Bauyrzhanovich Baktygereev
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
Алло мама қалыңыз қалай
Сіздің Рәкөшіңіз
Басқаларға Райм
Қазір жолда тұрмын
Сол баяғыдай
Иә шын айтамын Жол тарттым сізге қарай
Әрине әзірлеңіз шәйіңізді сағындым
Ауасын ауылдың
Иісін бауырдың
Сағындым шыны керек сағындым
Иісін бауырдың
Әкеме айтшы мама
Дайындасын жылқыларын
Шауып қайтайықшы Асып дала қырларын
Далада отырып айтатын Көп сырларым
Себебші сіздер бүгін Ерте тұрғаным
Тартылып жүр екен турникке Әкем салдырған
Фотодан көрдім Бозарыпты інім балдырған
Шылдыршүмек тентек інім
Күтіп тұрсыншы алдымнан
Мені бүгін
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым
Уақыт өткенін сеземін
Бірақ миыма кірмепті
Қалай Ілияс қар тазалайтын Жасқа жетті
Қалайша Диас асау тайларды Үйретіп жүр
Тіпті жіңішке дауысы Жуандап кетіпті
Мама үйге кірейік жүр
Сырт аяз
Шәй әзірлеші мама
Сосында кір жайасың
Әке балта қайда
Шәйға дайын болғанша Ағаш жарып Ломмен мұз ояйын
Есік алды мұз таяз
Қораға киетін киімім Ініме шақ болыпты
Мартаның бұзауларымен Аула толыпты
Айтпақшы әке Жолшыбай Ербол аға жолықты
Мақтады мен кеше Теледидардан көріпті
Мама тамағың сол Баяғы тәтті
Шыны керек шаршадым Қанша күттім осы сәтті
Бесеуміз отырып Жоспар құрайық оңашада
Ендігі келінмен Келемін болашақта
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Ауылымды сағындым
Бауырымды сағындым
Елімнің туған жерімнің
Топырағын сағындым
Әкешімді сағындым
Анашымды сағындым
Айналайын деген сөзін
Алақанын сағындым…
展开