歌词
@migu music@
Самал тау, қайран елім шалқар көлім,
Не болар солдат болып көрген күнім,
Есіме қайта-қайта түсе бердің,
Кір-жуып, кіндік кескен қайран жерім
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз,
Он бес күндей жүргенде,
Омбы жаққа таяумыз.
Жасым бар қос мүшелдей, жылым – сиыр
Тағдырдың айдауымен кеттім қиыр
Самал тау, қайран жерім артта қалды
Адасқан өрісінен біз бір үйір
Атты емеспіз, жаяумыз,
Жаяудан да баяумыз,
Он бес күндей жүргенде,
Омбы жаққа таяумыз.
Әке-шешем бар еді,
Жасы жеткен кәрі еді,
Осынау әнге салдырған,
Он алтының зары еді...
展开